Елнұр Бейсенбаев пропорционалды сайлау жүйесі мен партияішілік праймериздердің маңыздылығына ерекше тоқталып, олардың сайлаушылар мен Парламент құрамы арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Парламент қоғамның нақты сұранысын көрсететін болады, ал саяси бәсекелестік азаматтар үшін анағұрлым ашық әрі түсінікті болып, партиялардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді», – деді ол.

Серік Егізбаев экологиялық құндылықтарды Ата Заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды.

Азат Перуашевтің айтуынша, Конституциялық реформа – бұл бүкіл саяси жүйені терең қайта жаңғырту.

«Жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформа – бұл халықаралық тәжірибеге және парламенттік оппозицияның көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, бүкіл конституциялық жүйені терең жаңғырту», – деді ол.

Мәжіліс депутаты Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың V отырысында ұсынған Халық кеңесін құру және оның мәртебесін Конституцияда бекіту бастамасы билік жүйесіне түрлі этностар өкілдерінің қатысуын сегіз есе арттыратынын атап өтті: Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әралуандықтағы бірлік» формуласына сәйкес 5 өкілдің орнына 42 өкіл қатысады. Сонымен қатар бұл өңірлер мүдделерінің өкілдігін бекітіп, азаматтық қоғам көшбасшыларын саяси жүйеге кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

Асхат Рахыжанов Конституциялық реформаның мемлекеттік билікті барынша ашық, қоғам алдында есеп беретін және азаматтарға жақын етуге бағытталғанын айтты.

«Ұсынылып отырған өзгерістер – абстрактілі жаңғырту емес, қоғамның нақты сұраныстарына берілген жауап. Конституциялық реформа – тек саяси ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық серпін. Ол сапалы заң шығару, парламенттік бақылауды күшейту, шешім қабылдаудың ашық рәсімдері және ең бастысы – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыру үшін жағдай жасайды. Ал сенім – инвестициялардың, кәсіпкерліктің, әлеуметтік тұрақтылық пен адами капитал дамуының негізі», – деді ол.

Айдарбек Қожаназаров Конституциялық реформаның жас буынға бағдарланғанын және экономиканы дамытуға жағдай жасайтынын атап өтті.

Магеррам Магеррамов «Заң мен Тәртіп» қағидатын Конституцияда бекітудің маңыздылығына назар аударды.  

«Заңмен Тәртіп» – әділетті қоғамның ажырамас құрамдас бөліктері және азаматтардың қауіпсіздігі мен еркіндігінің кепілі», – деді ол.

Мәжіліс депутаты сондай-ақ Негізгі заңды реформалау қоғамдық дамудың шешуші факторы болатынына сенім білдірді.

Жиынтық кестеде ұсынылған түзетулер бойынша депутаттық корпус өкілдері, заңгерлер мен сарапшылар қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де сөз сөйледі.