«Ол қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, отбасы құқығы және әлеуметтік қорғау сияқты салалардағы балалардың құқықтары қарастырылған төрт негізгі бағытты қамтиды. Тиімділікті бағалау үшін 10 индикатор, ал жүзеге асыру үшін 158 іс-шара көзделген. Қаржыландырудың жалпы көлемі – 1,3 трлн теңге», – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Тұжырымдама шеңберінде «Заң мен тәртіп» идеологемасын кеңінен тарату; мектептерде педагог-психолог сағатын енгізу; балаларды «Адал азамат» рухында тәрбиелеу; зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттерін ашу; психологиялық диагностиканың бірыңғай цифрлық платформасын құру; қадағалауды талап ететін балаларды тәлімгерлермен 100% қамту жоспарлануда.
Сондай-ақ буллингті анықтау үшін бейнебақылау камераларына ЖИ технологияларын енгізу, құқыққа қайшы контентті жоймағаны үшін интернет-платформалардың жауапкершілігін күшейту және т.б. қарастырылған.