92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Тізімдерге 12 461 796 азамат енгізілді.
Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 17 514 есептен шығару куәлігін берді. Республикада 10 388 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 54 елде 71 учаске орналасқан.