Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Ұлттық киім – жай ғана киім емес. Ол – дәстүр, дүниетаным мен дала мәдениетінің әсемдігі тоғысқан халықтың тарихы. Ою-өрнектер, әшекейлер мен әрбір бөлшек ғасырлар бойы табиғаттың, тұрмыс-тіршіліктің және рухани құндылықтардың ықпалымен қалыптасты.
Бүгінде ұлттық киім элементтері заманауи үлгіде көрініс тауып, күнделікті стильдің бір бөлігіне айналып, жаңа буын дизайнерлеріне шабыт береді. Бұл дәстүрдің өткенде қалып қоймай, ұрпақтарды біріктіріп, халықтың мәдениетін сақтай отырып, жалғасын тауып келе жатқанын дәлелдейді.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!