Жақын арада тағы бір бу турбинасын пайдалануға беру жоспарланған, бұл станцияны жобалық көрсеткіштерге шығаруға мүмкіндік береді.

Қызылорда БГҚ-сын іске асыру – Энергетика министрлігінің Қазақстанның энергетикалық негізін жаңарту жөніндегі ауқымды жоспарының бір бөлігі. Ағымдағы жылы республикада дәстүрлі және жаңартылатын энергияның рекордтық 2,64 ГВт қуатын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жылдық жоспарға төрт бу-газ қондырғысын, екі жел және төрт күн электр станциясын іске қосу, сондай-ақ екі нысанның қуаттылығын кеңейту жұмыстары енгізілген.

Жаңа энергия нысандары жылына шамамен 16 млрд кВт*сағ электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Бұл шаралар 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығын толық жоюға, ал 2029 жылға қарай қуаттардың тұрақты профицитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.