Іс-шара аясында 50-ден астам Жасыл Ел жастары Нұра өзенінің бойын қоқыстан тазартып, аумағын тазалап, қоқыс жинады, санитарлық тазалық жұмысын жүргізді.

«Бұл акция арқылы көктемгі сенбіліктерге серпін беріп, табиғатты қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екенін көрсеткіміз келеді. Мұндай игі бастамалар әсіресе жастардың белсенділігін арттырып, олардың қоғамға деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», – деді «Жасыл Ел» жобасының орынбасары Асылбек Абдурашитов.

Биыл «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XXIІ еңбек маусымы басталды. Жоба аясында елорда бойынша 5200-ден астам 14 пен 35 жас аралығында жастар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олар қаламыздың құрылыс нысанындарына, қала маңындағы «жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, қала саябақтарына, көгалдандыру жұмысына жұмылдырылады.