«RnR Group» ЖШС директоры Виталий Долженконың айтуынша, жобаның жалпы құны 6 млрд теңгені құрайды. Зауыт 2026 жылы пайдалануға берілді, алғашқы өнім шығару тамыз айына жоспарланған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдеуді және көлемді одан әрі ұлғайту мүмкіндігін қарастырады, сондай-ақ 350 түрлі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында өндірілетін барлық сүт өнімдері Астана қаласы мен оған жақын өңірлерде өткізілетін болады.