Байқау нәтижесінде кәсіби шеберлігімен, көшбасшылық қабілетімен және инновациялық жобаларымен ерекшеленген 100 студент үздік деп танылды.
Конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 400 колледждің 5 мыңнан астам студенті өтінім берді. Байқау үш кезеңде, яғни колледжішілік, өңірлік және республикалық деңгейде өтті.
Конкурстың басты мақсаты – талантты жастарды қолдау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және колледж студенттерінің жетістіктерін насихаттау. Жеңімпаздардың толық тізімімен сілтеме арқылы танысуға болады.