Күн жаңалықтары
23.12.2024
Жарияланымдар · 10
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Жезқазғанда ULYTAU CREATIVE HUB креативті хабының салтанатты ашылуы өтті. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, жергілікті креативті экономика өкілдерін қолдауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.
Биылғы желтоқсан айында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне миллионға жуық адам келді
Осы жылдың желтоқсан айының басынан бастап еліміздің өңірлерінде 250-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, оған миллионға жуық азамат қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Биыл Қостанай өңірінде білім беру нысандарын жөндеуге 7 млрд теңге қаражат бағытталды
Қостанай облысында 8 мың орындық 11 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде, алтауы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатыр. Биыл Заречное ауылы мен Арқалық қаласында 2 мектеп ашылды. Тағы 4 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Қалған 5 мектеп 2025 жылы іске қосылады. Ағымдағы жылы 155 білім беру нысанын жөндеуге 7 млрд теңге бағытталды. Бұл жайында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ көшпелі баспасөз мәслихатында айтты.
Келесі жылы «Жезқазған-Петропавл» тас жолын жөндеу жоспарда бар
Жолдауда Президент жолдардың сапасына ерекше назар аударды. Қостанай облысында осы жылы жергілікті автожолдарды жөндеуге 36,6 млрд теңге бөлінді. Өңір әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, бұл республика бойынша жергілікті бюджеттерден бөлінген ең ірі сома. Өңірде жалпы пайдаланымдағы 1 350 шақырым автожол және 108 елді мекенде 371 көше жөнделді.
Биыл Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 175 млрд теңге бөлінді
Ауыл шаруашылығы Қостанай өңірі экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында ел Президентінің «Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы тиіс» деген сөздері саланы әртараптандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде негізге алынды. АӨК-ті жан-жақты мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 700 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылы біздің өңірге рекордтық 175 млрд теңге бағытталды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 65%-ға артық. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ көшпелі баспасөз мәслихатында хабарлады.
ЖЭК тиімділігі: Қостанай облысында электр энергиясын өндіру 10 есеге артады
Қостанай облысының халқы өңірде өндірілетін электр энергиясынан 4 есе көп электр энергия тұтынады. Сондықтан энергияға тәуелділікті азайту қажет. Мәселен, облыста 2 жел электр станциясы бар. Электр энергетикасы жүйесін қайта құру мақсатында жаңартылатын энергия көздерін ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов айтып берді.
Қостанай облысындағы жаңа зауыттар өңірдің елдегі автомобиль жасау орталығына айналуына мүмкіндік береді – Құмар Ақсақалов
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы көлемі 19,4%-ға, құрылыс – 14,1%-ға, жеке инвестициялар – 10,7%-ға, сауда – 9,9%-ға, көлік – 5,3%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 4,1%-ға өсті. Орташа жалақы 13,3%-ға өсіп, 329 131 теңгені құрады. Ал 2 жыл ішінде ол 1,4 есе өсті. 17 мың жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздық 4,6%-ға дейін төмендеді. ОКҚ алаңында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов атап өткендей, кедейлік шегінен төмен тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санын 3964-тен 2356-ға дейін азайтуға қол жеткізілді. Нәтижесінде, АӘК алатын отбасылар санының төмендеу қарқыны бойынша облыс ҚР бойынша екінші орында.
Балқаш көліне өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд текше метрге артық су жіберілді
Биыл еліміздің су қоймаларына рекордты 75 млрд текше метрден астам су жиналды. Оның 12 млрд текше метрден астамы тасқын суы. Тасқын суын дұрыс бөлу су қоймаларын толтырып қана қоймай, соңғы жылдары құрғауға айналған өзендер мен көлдерге, шабындықтарға, табиғи жайылымдарға және басқа да айдындарға су жіберуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Акция еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады.