Күн жаңалықтары
24.12.2024
Жарияланымдар · 8
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда 563 медаль жеңіп алды
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1816 оқушы 35 халықаралық олимпиада мен конкурстарға қатысып, 563 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 77 медаль – алтын, 201 медаль – күміс, 285 медаль – қола, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Ақтөбе облысының ауылдарында екі жаңа медициналық пункт салынды
Ақтөбе облысы Алға ауданының Қарабұлақ және Тоқмансай ауылдарында екі жаңа медициналық пункт салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттің мүддерлерін қорғау және атқарушылық құжаттарды орындау нәтижелері
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, бауырлас Әзербайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сенаттың қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Жасанды интеллектіні дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Жасанды интеллект туралы жаңа заң аясында цифрлық трансформациялау және тиісті шешімдерді енгізу жұмыстарын күшейту үшін бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды
Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ағымдағы нәтижелер туралы хабарлады. Биыл олардың саны 44 млн-нан асты. Маңызды жетістіктердің бірі – цифрлық құжаттарды енгізу, деп хабарлайды Primeminister.kz.
2024 жылдың басынан бері 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2024 жылы 18 035 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 146,4 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.