Күн жаңалықтары
25.12.2024
Жарияланымдар · 6
2024 жылдың 11 айында бос жұмыс орындар жәрмеңкелерінде алимент бойынша қарызы бар 5 мыңнан астам борышкер жұмысқа орналастырылды
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын нақты қорғау атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы сот орындаушыларының қолында 16,6 трлн теңгеден астам сомаға 8,8 млн-ға жуық құжат болды. Нақты орындалған сома 428 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 84 млрд теңгеге артық. Жыл басынан бері мемлекет кірісіне 52 млрд теңге өндірілді. Мұндай деректерді ОКҚ алаңында ҚР ӘМ вице-министрі Даниэль Ваисов айтты.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттің мүдделерін қорғау және атқару құжаттарды орындау нәтижелері туралы
Әділет министрлігі Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделері мен мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Өз экономикасына сыртқы инвестициялар ағынын іздестіру мақсатында Қазақстан өзіне шетелдік капиталды қорғау бойынша халықаралық міндеттемелерді алып, оның ішінде инвесторлар үшін Қазақстанға қарсы халықаралық трибуналға талап қоюға мүмкіндік берді. Бұл үрдіс барлық ел үшін заңды болып табылады. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР әділет вице-министрі Даниель Ваисов атап өткендей, 2024 жыл мемлекет мүдделерін қорғау тұрғысынан оң серпінге ие.
Ұлттық жобаның шеңберінде ауылда 263 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде 2024 жылы 263 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны (МСАК) аяқталып, пайдалануға берілді. Оның ішінде өңірлердің картасында 47 дәрігерлік амбулатория, 101 фельдшерлік-акушерлік пункт, 115 медициналық пункт пайда болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
ҚР Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы
АҢДАТПА!
2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру
2024 жылғы су тасқыны елімізде соңғы 80 жылда орын алған ең ірі су тасқыны болды. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, апат салдарынан қираған инфрақұрылым ауқымды қалпына келтіру жұмыстарын қажет етті. Алайда, мемлекеттік құрылымдар, гуманитарлық ұйымдар мен жеке сектор арасындағы нақты үйлестіру мен үйлестірілген жұмыс нәтижесінде Үкімет апаттың салдарын барынша азайтып, зардап шеккендерге жедел көмек көрсете алды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.