Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

26.12.2024

Жарияланымдар · 6

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

19:02Мемлекет басшысының қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Ленинград облысында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.

18:50Мемлекет басшысының қызметі

Әлеуетті тауар өндірушілердің жауапкершілігі күшейтіледі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік жауапкершілікті қайта қарауға қатысты түзетулер енгізілді. ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеилдің ОКҚ брифингінде айтуынша, кейде тауар өндірушілер өз міндеттемелерін орындамайтын жағдайлар болады. Сол себепті заңға тиісті өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

17:30Жаңалықтар

Отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары

Мемлекеттік сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қолданылып жатыр. Биыл 4,5 мың тауарлық позиция бойынша 7 Үкімет қаулысы қабылданды. Енді бұл тауарлар сатып алуға міндетті болып табылады. Отандық шағын және орта бизнес субъектілерінен сатып алынатын қызметтер тізбесі бекітілді. Заңға сай офтейк келісім-шарттар енгізілді. Яғни, елімізде шығарылатын тауарлардың жеткізушілері мен мемлекеттік органдар тікелей шарт жасаса алады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ брифингінде хабарлады.

17:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Мемлекеттік сатып алу саласында жаңа тәсілдер қолданылады

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жүйесі толықтай электрондық форматқа көшірілген. Порталға 24 мың тапсырыс беруші және 117 мың әлеуетті тауар жеткізуші тіркелген. Мемлекеттік сатып алу жоспары 9,3 трлн теңгені құрайды. Бүгінге дейін өткізілген сатып алу көлемі 8,8 трлн теңгеге тең. Бір көзден сатып алу көлемі 23%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

17:10Жаңалықтар

ҚР Жоғары Сот Кеңесі: қызметі, құрамы, өкілеттіктері

Қазір еліміздің Жоғары Сот Кеңесі өз институттарын нығайтуда. Сонымен қатар судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту дәйекті түрде жалғасып келеді. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің өкілеттіктері туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Кеңес мүшесі Нұрия Сисенова айтып берді.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары