Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

27.12.2024

Жарияланымдар · 9

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

18:58Мемлекет басшысының қызметі

Үкіметте «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Кеңесте Президенттің экологиялық тепе-теңдікті сақтау және еліміздің тұрақты экономикалық прогресін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары әкімдерінің «жасыл экономика» индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:55Президенттің тапсырмалары

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады

15:32Жаңалықтар

Әлеуметтік көмек тетігін жетілдіру: түзетулер Үкіметтің қарауына енгізілді

Биыл 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы шынайы мұқтаж азаматтардың жиынтық кірістері мен шығындарын ескере отырып, халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Осы тапсырманы орындау үшін ҚР Әлеуметтік кодексіне түзетулер әзірленді, олар Үкіметтің қарауына жіберілді. ЕХӘҚМ Вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында новеллалар туралы айтып берді.

15:00Жаңалықтар

2025 жылғы АӘК: медиандық кірісті енгізу және әлеуметтік комиссияларды цифрландыру

Ағымдағы жылы АӘК алып отырған 97 мың еңбекке қабілетті адамның 59 мыңға жуығы жұмыс істейді, 32 мың адам күтіммен айналысады, 5,7 мың адам жұмыссыз отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді.

14:50Жаңалықтар

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беріледі, бұл төлем өмірлік қиын жағдайға түскен азаматтарға кешенді қолдау көрсетуге бағытталған. АӘК аясында шартсыз және шартты негізде берілетін ақшалай төлем тоқсан сайын тағайындалады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, еңбекке жарамды адамы жоқ отбасылар шартсыз көмек алады, төлемнің шартты түрін отбасы құрамында кемінде бір еңбекке жарамды адам болған кезде беріледі.

14:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды

11:02Мемлекет басшысының қызметі

Алматы облысындағы су қоймаларынан 200 млн текше метрге жуық су жіберілді

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді.  Осылайша, екі қойма көктемде су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін шамамен 420 млн текше метр су қабылдай алады, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

10:46Аймақтар жаңалықтары

Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

Primeminister.kz сайтының редакциясы Қазақстанның даму қорытындысы туралы жарияланымдар сериясын жалғастыруда. 2024 жыл – білім беру жүйесін дамытудағы маңызды кезең. Мектепке дейінгі деңгейден бастап техникалық және кәсіптік деңгейге дейінгі барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттар іске асыру сатысында.

09:41Президенттің тапсырмалары