Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

08.01.2025

Жарияланымдар · 12

Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен танысты

19:34Жаңалықтар

Президент Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялады

18:01Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Президентке ведомствоның 2024 жылы атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімет берілді.

15:44Жаңалықтар

Олжас Бектенов жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын іске асыру шаралары жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген мамандар екенін атап өтті.  Қазіргі жұмысшылар жоғары технологиялық жабдықтармен, автоматтандырылған жүйелермен жұмыс істейді. Бұл біліктілікті арттырып, интеллектуалдық әлеуетті және цифрлық сауаттылықты, жеке құзыреттілікті үздіксіз дамытып отыруды талап етеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:31Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Президентке Агенттік төрағасы ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың нәтижелері туралы есеп берді.

12:40Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

12:00Жаңалықтар

Қазақстанда көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады

Еліміздің көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамуын ескере отырып, орта мерзімді перспективада 25 жаңа мамандық қажет болады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:40Президенттің тапсырмалары

Мұнай-газ саласында техникалық мамандықтар үшін 22 мыңға жуық жұмыс орны ашылады – Энергетика министрлігі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол бүгінгі таңда республиканың отын-энергетикалық кешені саналатын 1671 кәсіпорында 303 мыңнан астам түрлі кәсіп қызметкерлері жұмыс істейтінін атап өтті. 2030 жылға дейін ОЭК салаларында құрылыс кезеңінде де, тұрақты жұмыс орындарында да 83 мыңнан астам сапалы жұмыс орындарын құра отырып, 99 жобаны іске асыру жоспарлануда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:27Жаңалықтар

ҚР ЕХӘҚМ: биыл тағы 100 кәсіптік стандарт әзірленіп, жаңартылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар кешені туралы айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:37Президенттің тапсырмалары

Жұмысшы мамандықтарының жылы: қазақстандық мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітті, оған қоса кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:29Президенттің тапсырмалары

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы 9 653 адам деп белгіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 170 адамға артық, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:29Жаңалықтар

Су ресурстары және ирригация министрлігі 84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жобаны іске асырып жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:20Жаңалықтар