Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

09.01.2025

Жарияланымдар · 10

Президент Жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді және ЕАЭО мен Сингапур арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды

18:01Жаңалықтар

2 млн га пайдаланылмаған жерді 2025 жылы мемлекеттік меншікке қайтару жоспарлануда

2025 жылы 2 млн га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шаралар қабылданады. Сондай-ақ, басқа да негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жандандырылады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

17:11Жаңалықтар

Ерлан Сәрсембаев әділет министрі лауазымына тағайындалды

16:24Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді

Биыл алғаш рет түркітілдес елдер арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

16:16Жаңалықтар

Азамат Есқараев әділет министрі лауазымынан босатылды

15:52Жаңалықтар

Мемлекет басшысы 14-15 қаңтар күндері «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысады

15:31Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

Президентке ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді. Асхат Хасеновтің айтуынша, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы өткен жылы мұнай және конденсат өндіру көлемін 23,8 миллион тоннаға жеткізді. Бұл – 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3 пайызға артық. Мұнай өндіру деңгейін сақтап тұру үшін Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жоба әрбір кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруда сараланған әдістерді қолдануды қарастырады.

13:15Жаңалықтар

2024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 260 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2024 жылы 642 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 263 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

11:09Президенттің тапсырмалары

2024 жылы мүгедектікті белгілеу бойынша 97 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

2024 жылы мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 96,9 мыңнан астам өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрады. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:18Жаңалықтар

2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі

09:23Президенттің тапсырмалары