Күн жаңалықтары
10.01.2025
Жарияланымдар · 10
Президент бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады
Президент Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, сондай-ақ кейбір салаларда артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, негізгі өндірістік көрсеткіштерде өсімнің оң қарқыны сақталып отыр. Эксплуатациялық жүк айналымы 272 миллиард тонна-шақырымды құрады. Қазақстан-Қытай түйіспелері арқылы 32 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл – рекордтық әрі 2023 жылмен салыстырғанда 13,1 пайызға артық көрсеткіш. Контейнерлік транзит 8,8 пайызға өсті. Тасымалданған контейнерлер саны 1,4 миллион жиырма пұттық эквивалентті құрады.
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Мемлекет басшысы Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті, доктор Ли Кай-Фумен кездесуде озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ әлемдегі жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.
Ауылда 1,2 млн тұрғын жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды
Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды
2024 жылы 107,9 мың, оның ішінде 52,4 мыңға жуық жұмыссыз азамат Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Skills Enbek-те барлығы 498,7 мың қазақстандық тіркелсе, оның 135,0 мыңы – 2024 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 410,9 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрлігі.
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін толыққанды жаңғырту жалғасуда. Бүгінгі таңда жаңарту Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктіне қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Бүгін - Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні
10 қаңтарда Қазақстанның Ұлттық ұланы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. 2015 жылы осы күні «Ұлттық ұлан туралы» Заңға қол қойылып, оның құқықтық мәртебесі бекітілді.