Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

16.01.2025

Жарияланымдар · 5

Биыл Қызылордада кірпіш зауыты, ЖЭО және түйе сүті ұнтағын өндіретін зауыт іске қосылады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда Қызылорда облысының инвестициялық дамуы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:59Жаңалықтар

Үкіметте қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:40Президенттің тапсырмалары

Туриндегі универсиада: жарыстың үш күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында алты медаль бар

Туринде XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада өтіп жатыр. Ел намысын биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғысы жарысынан 103 спортшы қорғайды. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасында хоккейден жарысқа қатысады. Универсиаданың үш күнінің қорытындысы бойынша ел қоржынына 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль түсті.

10:47Жаңалықтар

2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 680 мыңнан аса адам қамтылды

2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 683,7 мың қазақстандық қатысты. 546,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 358,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:17Жаңалықтар

Қазақстанда дарынды балаларға арналған «ABAI ULTTYG MEKTEBI» алғашқы  ұлттық мектебі ашылады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда  «ABAI ULTTYG MEKTEBI» алғашқы  ұлттық мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

09:37Жаңалықтар