Күн жаңалықтары
15.01.2025
Жарияланымдар · 8
Қазақстанда су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы еліміздің су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асыра бастады. Сондай-ақ, 201 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды
Ұлттық жоба инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге және коммуналдық қызметтерді үздіксіз ұсынуды қаматамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру салаларында қызмет көрсететін 87 монополист кәсіпорындағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 65%-дан 100%-ға дейін жеткен. Осыған байланысты Жобалық кеңсеге инженерлік желілер тозуын 40%-ға дейін төмендету және электр энергиясын өндірудің жаңа көздерін (қосымша 7,3 ГВт) салу міндеті қойылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті
Президент Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті
Мемлекет басшысы Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи мен ADNOC компаниясының қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салминді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабиге жұмыс сапары аясында Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесу өткізді.
Ваучерлік қаржыландыру: жүйе қалай жұмыс істейді және оның артықшылықтары қандай?
2024 жылдан бастап Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жоба іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда ваучерлік қаржыландыру Тараз (Жамбыл облысы), Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2024 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 1,1 млн-нан астам тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына шамамен 974,6 мың, ымдау тілі қызметтеріне 8,8 мың, жеке көмекшінің қызметтеріне 27,1 мың, санаторийлік-курорттық емдеу қызметтеріне 99,9 мың тапсырыс, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064 жеке үй. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.