Күн жаңалықтары
14.01.2025
Жарияланымдар · 8
Мемлекет басшысы Нигерия Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті
Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде cөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитіне қатысты. Жиынға орнықты дамудың жаһандық сын-қатерлерін талқылау үшін әлем көшбасшылары мен сарапшылар келді.
2025 жылдан бастап 1000 ауыл мектебі «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына қосылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы іске асырылуда, оның ішінде Ақтөбе облысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақталған ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту», Алматы облысында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру», Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептерінің желісін дамыту», Ұлытау облысында «Ustaz Ulytau» сияқты өңірлік бастамалар қамтылған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Үкіметте қысқы IX Азия ойындарына дайындық шаралары қаралды
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қысқы IX Азия ойындарына дайындық барысы қаралды. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндама жасады. Қысқы IX Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы 10 бағдарлама бойынша 6 спорт түрінен бақ сынайды. Бүгінгі таңда спортшылар саны бекітіліп, 138 спортшы қатысатыны белгілі болды. Алдағы қысқы Азия ойындары 2026 жылы Миланда өтетін Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына және орнықты даму саласындағы Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстандықтар онлайн-сатып алуға 3,2 трлн теңге жұмсады
Қазақстандықтар онлайн-сатып алуға көбірек ақша жұмсай бастады. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша азаматтар 3,2 трлн теңге жұмсады. Мұндай деректерді электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралған Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев келтірді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз ету: 2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
ҚР Оқу-ағарту министрлігі тоғызыншы сынып түлектері үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуға жағдай жасауда. Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.