Күн жаңалықтары
21.01.2025
Жарияланымдар · 10
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Президентке сот жүйесі қызметінің былтырғы қорытындылары туралы мәлімет берілді. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын, еркіндігін және заңды мүдделерін қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету сот жұмысының басымдығы саналады.
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын белгілеу процесі жаңғыртылуда
2024 жылы Қазақстанда дәрілік препараттарға баға белгілеу жүйесін жетілдіру мәселелері белсенді талқыланды. Республика аумағында сатылатын дәрі-дәрмектердің объективті құнын қалыптастыру үшін баламалы ақпаратты пайдалануға негізделген ашық және тиімді тетіктерді құруға басты назар аударылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.
Қазақстандық IT-қызметтер экспорты $470 млн-нан асты
Қазақстан 2024 жылдың 9 айында $471 млн-ға IT-қызметтерді экспорттады. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Дегенмен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша одан да жоғары сандар күтілуде. Ведомствоның болжамы бойынша, IT-қызметтер экспортының сомасы шамамен $700 млн-ды құрауы мүмкін, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жас сарбаздардың қалыптасуы: армия қызметінде бейімделудің маңызды аспектілері
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев жас сарбаздардың бөлімдерде бейімделуі мен қалыптасу үдерісі, сондай-ақ армия ортасына толыққанды интеграциялау шаралары туралы айтты.
Әскери қауіпсіздік – тәуекелдерді болдырмау және қызмет тиімділігін арттырудың негізгі бағыты
ҚР Қарулы қүштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында әскер қатарындағы қауіпсіздікті арттырудың және әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіп факторларымен күресудің маңыздылығын атап өтті.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Осы құжат шеңберінде негізгі ұғымдар түзетіліп, жаңа терминдер енгізілді, сондай-ақ елді мекендердегі инфрақұрылым объектілерін абаттандыру мен күтіп ұстауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар неғұрлым егжей-тегжейлі толықтырылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы 6,5 млн-ға жуық адамды біріктірді
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» 6,5 млн-ға жуық адамның қызығушылығын тудырды. Бұл мәлімет экологиялық акцияны іске асыру барысы қаралған Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы»: тағы 50 резервист басшылық қызметке тағайындалды
2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен оқытуға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның бірінші жылында 207 қатысушы республикалық кадр резервіне алынды, оның 180-і мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары болып тағайындалды. Ал 2024 жылы аяқталған екінші лектің нәтижесінде 376 педагог қабылданды. Олардың 50-і мектеп директоры, 40-қа жуығы директордың орынбасары қызметіне кірісіп кетті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
2024 жылы қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде 693 млрд-тан астам теңге төленді
2024 жылы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 80,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.