Күн жаңалықтары
22.01.2025
Жарияланымдар · 16
Bett Show көрмесінде алғаш рет қазақстандық университеттер өңірлік академиялық хаб мүмкіндіктерін таныстырады
Қазақстан алғаш рет 40 жылдық тарихында әлемдегі ең ірі халықаралық білім көрмелерінің бірі – Bett Show көрмесінде өз ұлттық павильонын ұсынды. Іс-шара 2025 жылдың 22-24 қаңтар аралығында Ұлыбританияның Лондон қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
28 қаңтарда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Қазақстанда су тасқынын болжау жүйесі әзірленіп жатыр
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп су тасқынын болжауға және модельдеуге мүмкіндік беретін Tasqyn ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр. Қазір жүйе жаһандық GloFAS су тасқыны туралы ескерту жүйесіне біріктірілді. Tasqyn жүйесі 135 өзен бойынша су тасқыны кезеңіне қатысты ұзақ мерзімді болжам алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ брифингінде хабарлады.
Елімізде 1500 гидротехникалық құрылыс тексерістен өткізілді
Қазақстанда тасқын суды қауіпсіз өткізу үшін гидротехникалық құрылыстарды тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық су қоймалары тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізуге дайындалуда. Министрліктің бассейндік инспекциялары еліміз бойынша 1500 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізді. Нәтижесінде барлық анықталған кемшіліктер жойылды. Сондай-ақ 105 гидроқұрылысқа көп факторлы зерттеу жүргізілуде, бұл өткен жылға қарағанда 20 нысанға артық. Бұл жайлы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында айтты.
Елімізде су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Су ресурстары және ирригация министрлігі суару маусымында шаруаларды үздіксіз суармалы сумен қамтамасыз еткеннен кейін, су саласының барлық мамандары келе жатқан көктемгі су тасқыны кезеңіне белсенді дайындықты бастады. Су қоймалары, бөгеттер және басқа да құрылыстарды салу және реконструкциялаудан өткізіліп жатыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ брифингінде хабарлады.
Қазақстанда үш әуежайдың құрылысы басталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда ішкі туризм мен жолаушылар әуе тасымалын дамыту үшін Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай құрылысы басталды. Бұл жобаларды іске асыру аталған өңірлердің экономикасының дамуына серпін береді, сондай-ақ отандық және шетелдік туристердің келуіне ықпал етеді. Сондай-ақ жобалар жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Хань Чуньлинді қабылдады
Президенттің айтуынша, Қазақстан Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге айрықша мән береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
«Ақорда» резиденциясында тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Банк омбудсманының шешімі банк пен коллекторлық агенттік үшін міндетті болып табылады
Келіспеушіліктерді реттеу құзыретін кеңейтумен қатар, банк омбудсманының өзіне, оның кәсіби өтіліне, жасына, біліміне және басқару тәжірибесінің болуына қойылатын талаптар да артты. Ал оның өкілеттік мерзімі қазір 3 жылды құрайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында Банк омбудсманы Дархан Нұрпейісов хабарлады.
Банк омбудсманына келіп түсетін шағымдардың басым бөлігі тұтынушылық несиелермен байланысты
Банк омбудсманы қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заң және Банк омбудсманының құзыретін, оның міндеттері мен мақсаттарын, сондай-ақ оның қызметін қаржыландыруды және басқа да мәселелерді айқындайтын Банк омбудсманы қызметінің ішкі қағидалары болып табылады. Банк омбудсмені Дархан Нұрпейісов ОКҚ баспасөз конференциясында өзінің қызметі, сондай-ақ 2024 жылдың желтоқсанында енгізілген жаңашылдықтар туралы хабардар етті.
Банк омбудсманының қызметі туралы
2024 жылы қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 895 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді
2024 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 895,3 млрд теңгені құрайтын төлемдермен 648,8 мың адам қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Су тасқыны кезеңіне дайындық
АҢДАТПА!
Жамбыл облысында аудандық деңгейде балабақшаларға ваучерлер беру басталды
Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыруды енгізу процесі жаңа өңірлерді қамти отырып және мектеп жасына дейінгі балалар үшін қызметтердің қолжетімділігін жақсарту арқылы қарқын алуда. Жүйе Тараз, Шымкент, Түркістан, Астана және Орал қалаларында сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.