Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

23.01.2025

Жарияланымдар · 7

Президент екі елдің елшілерін тағайындады

19:49Жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды

Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдауда. Отбасы банкінің «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:52Жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: Саранда өнеркәсіптің дамуы кадрлар даярлауға қалай әсер етеді

Саран қаласы индустриялық аймақты дамытудың арқасында жаңа деңгейге көтерілді. Мұнда бұрын-соңды болмаған өндірістер пайда болды. Мысалы, жақын арада тоңазытқыштар шығарыла бастайды. Ыстық мырыштау зауытын ашу жоспарланып отыр. Сәйкесінше, кадрларға деген сұраныс артты, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

15:15Президенттің тапсырмалары

Премьер-министр сарапшылармен экономиканы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу бойынша Үкіметтің экономикалық блогының шаралары мен тәсілдерін талқылау. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздегі қазіргі экономикалық жағдай туралы баяндап, өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу жөніндегі міндеттерді шешу үшін салық-бюджет реформасын жүргізу тәсілдерін айтты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

13:53Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 2024 жылғы алқа отырысы: жол саласындағы жемқорлық тәуекелдері және «ақшаны бояу» жүйесін енгізу

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жол құрылысы саласында кешенді талдау жүргізді. Оның нәтижелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жылдық алқасында қаралды. Жоспарлаудан бастап қаражатты игеру мен жұмыстарды қабылдауға дейінгі барлық процестерде 1,2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

12:04Президенттің тапсырмалары

Digital Almaty 2025 халықаралық цифрлық форумы туралы: «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар

АҢДАТПА!

11:59Баспасөз хабарламалары

2024 жылы 293 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды

2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 293,6 мың адамды құрады, бұл ретте өткен жылы 258,6 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 88,3 млрд теңге болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:40Жаңалықтар