Күн жаңалықтары
24.01.2025
Жарияланымдар · 15
Президент банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
Бас прокуратура: былтыр 428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарылды
Бас қадағалау органында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, онда 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы қаралды. Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңға бағынатын бизнесті заңсыз тексерулерден арашалау, маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, заңсыз активтерді қайтару, азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және басқа да қауіпті құбылыстарға қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының күш-жігерін үйлестіру бойынша шаралар кешенін қабылдағанын атап өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда мектеп оқушылары арасында алғашқы республикалық жасанды интеллект бойынша AI Olymp олимпиадасы өтеді
Бұл шешім Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық даму, Оқу-ағарту министрліктері және Спорттық бағдарламалау федерациясы арасындағы ынтымақатстық жөніндегі меморандум қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ.
Жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау
АҢДАТПА!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
Мемлекет басшысына Ұлттық банктің былтыр жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есебі мен 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспары баяндалды.
Үкіметте энергетика және коммуналдық секторлары қалай жаңғыртылатыны жайлы айтылды
Үкіметте энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыру бойынша баспасөз конференциясы өтті. Оған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов, энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин, табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Балалардың игілігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басым бағыты
Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта елімізде 6,8 млн бала бар, бұл халықтың үштен бірін құрайды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады
Президентке компанияның былтыр атқарған қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайы, сондай-ақ дамудың перспективті бағыттары туралы есеп берілді. Әсел Жанасованың айтуынша, соңғы екі жылда «Қазпошта» таза табыс тауып, бюджетке 45 миллиард теңге көлемінде салық және баж алымдарын төледі.
Digital Almaty 2025 шеңберінде жүлде қоры 60 мың долларды құрайтын жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы стартаптар байқауы өтеді.
Digital Almaty форумының бейресми бөлігі идеялармен алмасу және инновацияларды енгізу үшін бірегей экожүйені құра отырып, оқушылар мен студенттерді, цифрлық индустрия көшбасшылары, стартаперлер мен инвесторларды біріктіреді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Инновациялық технологиялар паркінің басқарушы директоры Дания Ахметова айтып берді.
Digital Almaty 2025: өндірісті трансформациялау үшін «ақылды» фабрикаларды дамыту, жаңғыртуды және автоматтандыру сынды AI-шешімдер ұсынылмақ
Қазақстан үшін жасанды интеллект цифрлық трансформацияны жеделдету, бизнес пен мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Инновациялық технологиялар паркінің басқарушы директоры Дания Ахметова мәлімдеді.
Қазақстандық сарапшылар мен әлемдік IT-алыптардың СЕО Digital Almaty 2025 жасанды интеллект енгізу тәжірибесімен бөліседі
2024 жыл жасанды интеллект саласындағы маңызды бастамалар жылы болды. Жасанды интеллект комитеті құрылды, 2024-2029 жылдарға арналған Жасанды интеллекті дамыту тұжырымдамасы бекітілді, қазіргі уақытта заң жобасы әзірленуде. Сондай-ақ, КazLLM жеке тілдік моделі әзірленді, ол бірқатар технологиялық шешімдер үшін негіз болады. ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында өзіндік тілдік моделін қолдану IT-қызметтердің ішкі нарығын дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
2024 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 16 млрд-тан астам теңге төленді
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының 120 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 983 ардагер, 26 506 басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, 41 594 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері бар. 2024 жылы ардагерлердің аталған санаттарына 16,7 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Адами капитал – басымдықта: 2025 жылы әлеуметтік салаға арналған бюджеттік шығыстар 9,6 трлн теңгені құрайды
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Үкіметтің басым міндеттері – азаматтарға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып отыр. Бюджетті жоспарлау және атқару кезінде аталған бағыттарға ерекше назар аударылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Бүгін Халықаралық білім күні атап өтіледі
БҰҰ Бас Ассамблеясы 24 қаңтарды Халықаралық білім күні деп жариялады. Бұған себеп – осы күннің татулық пен дамуға қол жеткізу барысындағы рөлін мойындау.