Қазақстан үшін жасанды интеллект цифрлық трансформацияны жеделдету, бизнес пен мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Инновациялық технологиялар паркінің басқарушы директоры Дания Ахметова мәлімдеді.