Digital Almaty форумының бейресми бөлігі идеялармен алмасу және инновацияларды енгізу үшін бірегей экожүйені құра отырып, оқушылар мен студенттерді, цифрлық индустрия көшбасшылары, стартаперлер мен инвесторларды біріктіреді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Инновациялық технологиялар паркінің басқарушы директоры Дания Ахметова айтып берді.