Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

25.02.2025

Жарияланымдар · 7

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігі былтыр атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндалды.

19:38Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидиді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бадр әл-Бусаидиге ілтипат білдіре отырып, Оманды Қазақстанның сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі деп атады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейіл екенін жеткізді.

17:59Мемлекет басшысының қызметі

Базарларды жаңғыртуға жұмсалатын шығынның бір бөлігін мемлекет субсидиялайды

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков базарлар мен сауда объектілерінің иелеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдету мәселелері талқыланды.

14:47Мемлекет басшысының қызметі

Сауда базарларының жай-күйін бағалау үшін оларды аралау кестесі бекітілді

Сауда базарларын жаңғырту мәселесі Сауда және интеграция министрлігінің ерекше бақылауында. Жалпы елдегі базарларды жаңғырту 10 жыл бұрын басталған. 2015 жылы Сауда қызметін реттеу туралы заңға түзетулер енгізіліп, оған сәйкес ашық базар иелері 2020 жылға қарай шыны және бетоннан жасалған ғимараттарға ауысуы міндеттелді. Алайда аталмыш шаралар кейінге шегерілді. Бұл мерзім облыстар үшін – 2025 жылға дейін, Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін – 2023 жылға дейін бекітілді. ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында әкімдіктер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігінен, пандемия кезінде құрылыс материалдарының қымбаттауы секілді бірқатар объективті себепке байланысты базарларды жаңғырту жұмыстары мерзімінде аяқталмағанын айтты. Нәтижесінде жаңғырту мерзімі 3 рет ауыстырылды (2018, 2021,2023 жылдар).

14:40Жаңалықтар

Қазақстанның әскери қалашықтарында тағы 1000 - ға жуық бейнекамера орнатылады

Ұлттық ұлан әскерлерінің Бас қолбасшылығы қылмыстар, келеңсіз оқиғалар және әскери қызметшілердің қаза болуының алдын алу шараларын қабылдауда. Ол туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс Бас басқармасының бастығы полковник Нұрбай Бектұрсынов айтып берді.

11:50Жаңалықтар

Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Үкімет резервінен отандық шаруаларды қолдау үшін 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:17Жаңалықтар