Күн жаңалықтары
24.02.2025
Жарияланымдар · 12
ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдай инфекциялардың барлық негізгі түрлері бойынша тұрақты болып қалуда – Денсаулық сақтау министрлігі
Базарларды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы
АҢДАТПА!
Мемлекеттік клиникалардың 97%-дан астамы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы шарт жасасты
2024 жылғы 23 қазаннан бастап Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілді. Жаңа талаптарға сәйкес барлық медициналық ұйымдар, сондай-ақ жеке практикалаушы мамандар өздерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырып, Medpul.kz электрондық ақпараттық жүйесі арқылы шарт жасасуы тиіс, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Арман Қырықбаев ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының армиядағы құқықтық тәртіпті және әскери тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы
АҢДАТПА!
Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді
Биылғы жылдың ақпан айында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тәлімгерлерін оқытуды міндеттейтін заңға қол қойылды. Оқытуды тәлімгерлік жөніндегі ұйымдар жеке қаражаты есебінен жүргізеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
AI-Sana бағдарламасы: қазақстандық студенттердің әлемдік нарыққа шығуына қолдау көрсетіледі
Ғылым және жоғары білім министрлігі кадрларды даярлау және жасанды интеллект технологияларын дамыту үшін жағдай жасап жатыр. Ведомствоның негізгі бастамасы студенттер арасында жасанды интеллект саласындағы дағдыларды жан-жақты дамытуға бағытталған AI-Sana инновациялық бағдарламасы болды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Камиль Ақатов мәлімдеді.
Еліміздің ЖОО-да жасанды интеллект бойынша 20 білім беру бағдарламасы енгізілді
Былтыр Мемлекет басшысы экономиканы цифрландыруды жалғастыру және жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануды қамтамасыз ету өте маңызды екенін айтты. Осыған байланысты, Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрлық даму министрлігі және Назарбаев Университетімен бірлесіп KazLLM үлкен тілдік моделін әзірледі. Ол – цифрлық ортада қазақ тілін қолдауға арналған осындай деңгейдегі алғашқы жасанды интеллект құралы. Министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдар KazLLM үлкен тілдік моделін жасау үшін қазақ тілінде 1 млрд-тан астам сөз қолданысын берді. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Ғалымның бейіні мен Ғылыми-зерттеу институттарының цифрлық паспорттары әзірленді
Жоғары білім беру саласында Цифрлық трансформациялау стратегиясын іске асыру шеңберінде озық цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми процестерді жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалар жүргізіліп жатыр. Министрлік ғылымының цифрлық экожүйесін –талдамалық деректерді жинауды жүзеге асыруға және елдегі ғылымды басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ұлттық ғылыми-талдамалық жүйені құруға бел буды. Бүгінгі таңда ғылымның цифрлық экожүйесінің архитектурасы алдыңғы бөлігі болып табылатын және деректерді жинауды, сақтауды автоматтандыру, тиісті сұраныстар бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратты тиімді іздеуді және беруді қамтамасыз ету құралы болып табылатын Цифрлық ғылыми порталдан тұрады. Бұл жайында ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ОКҚ брифингінде айтты.
Жоғары білім берудің бірыңғай платформасына 700 мыңға жуық студент жайлы мәлімет енгізілді
2024 жылы еліміздің жоғары білім саласын ашықтық пен қолжетімділіктің сапалы жаңа деңгейіне көшіру мақсатында Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы іске қосылды. Ол тек процестерді автоматтандыру құралы ғана емес – бұл 2,6 миллион пайдаланушыны, мыңдаған білім беру бағдарламасы мен мемлекеттік жүйелермен ондаған интеграцияны біріктіретін ауқымды цифрлық экожүйе. ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ОКҚ алаңында аталмыш платформаның міндеттері жайында баяндады.
Жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша меморандум жасалды
ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер салалық қауымдастығы және Сауда желілері одағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған «Ата жолы» картасы енгізілді. Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.