Ғылым және жоғары білім министрлігі кадрларды даярлау және жасанды интеллект технологияларын дамыту үшін жағдай жасап жатыр. Ведомствоның негізгі бастамасы студенттер арасында жасанды интеллект саласындағы дағдыларды жан-жақты дамытуға бағытталған AI-Sana инновациялық бағдарламасы болды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Камиль Ақатов мәлімдеді.