2024 жылғы 23 қазаннан бастап Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілді. Жаңа талаптарға сәйкес барлық медициналық ұйымдар, сондай-ақ жеке практикалаушы мамандар өздерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырып, Medpul.kz электрондық ақпараттық жүйесі арқылы шарт жасасуы тиіс, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Мемлекеттік клиникалардың 97%-дан астамы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы шарт жасасты
Тегтер:
денсаулық сақтау