Жоғары білім беру саласында Цифрлық трансформациялау стратегиясын іске асыру шеңберінде озық цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми процестерді жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалар жүргізіліп жатыр. Министрлік ғылымының цифрлық экожүйесін –талдамалық деректерді жинауды жүзеге асыруға және елдегі ғылымды басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ұлттық ғылыми-талдамалық жүйені құруға бел буды. Бүгінгі таңда ғылымның цифрлық экожүйесінің архитектурасы алдыңғы бөлігі болып табылатын және деректерді жинауды, сақтауды автоматтандыру, тиісті сұраныстар бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратты тиімді іздеуді және беруді қамтамасыз ету құралы болып табылатын Цифрлық ғылыми порталдан тұрады. Бұл жайында ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ОКҚ брифингінде айтты.