2024 жылы еліміздің жоғары білім саласын ашықтық пен қолжетімділіктің сапалы жаңа деңгейіне көшіру мақсатында Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы іске қосылды. Ол тек процестерді автоматтандыру құралы ғана емес – бұл 2,6 миллион пайдаланушыны, мыңдаған білім беру бағдарламасы мен мемлекеттік жүйелермен ондаған интеграцияны біріктіретін ауқымды цифрлық экожүйе. ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ОКҚ алаңында аталмыш платформаның міндеттері жайында баяндады.