Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

07.03.2025

Жарияланымдар · 6

Мемлекет басшысы «Әйел – сұлулықтың әуені» атты мерекелік концертті тамашалады

18:32Мемлекет басшысының қызметі

Халық санындағы әйелдер үлесі 51,1%

Қазақстандағы әйелдер саны 10 381 377 адамды құрайды, бұл еліміздегі жалпы халық санының 51,1%. Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2% өсті. Әйелдердің 64,4% қалаларда, 35,6% – ауылдық жерлерде тұрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

14:35Жаңалықтар

Мемлекет басшысы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

13:23Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда онлайн оқуда әйелдер алда келеді – ҚР ЕХӘҚМ

Статистикаға сәйкес, Skills Enbek кәсіби онлайн оқыту платформасында пайдаланушылардың 60%-дан астамы әйелдер. Бұл ретте олар кем дегенде бір курсты аяқтап, шамамен 81% сертификат алды.

13:20Жаңалықтар

Үкіметте Щучинск-Бурабай курорттық аймағы туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Щучинск-Бурабай курорттық аймағы туризмін дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

12:50Жаңалықтар

Президенттің Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында: 4 еңбек ардагері; 19  жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері; 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері; 6 кәсіпорын басшысы; 3 қоғамдық ұйым өкілі; 7 мемлекеттік қызметкер; 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

11:23Жаңалықтар