Күн жаңалықтары
06.03.2025
Жарияланымдар · 9
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу: Қанат Бозымбаев ИКАО өкілімен кездесті
Вице-премьер Қанат Бозымбаев ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесті, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады
Мемлекет басшысының бастамасымен жетекші билік органдарында әйелдерге арнайы квоталар берілді. Нәтижесінде, Парламент пен мәслихаттардағы әйелдер үлесі артты, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, Үкімет әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көп көңіл бөлуде. Шағын және орта бизнес иелерінің құрылымында әйел кәсіпкерлердің үлесі 48%-ға жетті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мерзімді қызметтің үздік сарбаздары тегін оқуды жалғастырады - ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстанда 17 мыңнан астам әскери қызметшіге «кредиттік демалыс» берілді. Сонымен қатар жедел қызмет сарбаздары үшін елдің жоғары оқу орындарында ақысыз оқу мүмкіндігі бар. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.
Көктемгі шақыру науқаны қалай өтетінін Қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлады
Биылғы әскерге шақыру компаниясы әскери қызмет қауіпсіздігі мәселелерінде бірқатар шара қабылдаумен, есепке алу-шақыру жұмысын цифрландырумен, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының қызметін оңтайландырумен ерекшеленеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов айтып берді.
Елімізде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы орган әкімдері орынбасарларының басшылық етуімен 195 қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кірісті. Маусым айының отызына дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ, 18-27 жасқа дейінгі 20 мыңнан астам ер азамат толықтыратын болады. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2025 жылғы 6 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-ші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 127 мыңнан астам қызмет алды
2025 жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы (Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 127,8 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: 90 мыңға жуық оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 7,3 мың – ымдау тілі, 24,2 мың – жеке көмекші, 6,2 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды іске асыруда. Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Primeminister.kz.