Күн жаңалықтары
05.03.2025
Жарияланымдар · 11
Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін онлайн сауда саласындағы заңнамаға түзетулер дайындалуда
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігінің атына маркетплейстер арқылы сатып алуға қатысты көптеген шағым келіп түседі. Олар сатушымен кері байланыстың жоқтығына, зияткерлік меншік құқығын қорғауға, тауарлардың сапасына және басқаларға қатысты. Ол үшін ведомство заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында вице-министр Әсет Нүсіпов мәлімдеді.
Қазақстанда электрондық сауда көлемінің тұрақты өсуі байқалады
Сауда және интеграция министрлігі экономиканы цифрлық трансформациялаудағы электрондық сауданың негізгі рөлін атап өтеді. Ол қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың өсуін қолдайды, шағын және орта кәсіпкерліктің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ең бастысы – халық үшін тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Қазақстанда электрондық сауда көлемінің тұрақты өсуі байқалады: соңғы 5 жылда 5 есеге жуық өсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол тағы 3,2 трлн теңгеге артады деп күтілуде. Отандық маркетплейстер өткен жылы 150 млрд теңге салық төледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді.
Тауарларын экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде
Былтыр елімізде шикізаттық емес экспорт көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 11,9% өсіп, 28, 8млрд АҚШ долларын құрады, ал қызметтер экспортының көлемі 11,4 млрд АҚШ долларын құрады. 120-дан астам шет мемлекетке 4 мыңға жуық тауар позициясы экспортталды. Қазақстанның өңделген тауарлар бойынша негізгі сауда серіктестері – Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Германия елдері. 2024 жылы 600-ге жуық компания қолдау тапты, оның 80%-ы шағын және орта бизнес субъектілері. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында хабарлады.
Тағы бір отандық әуе компания Наурыз айында қосымша рейстерді іске қосады
Наурыздағы мерекелерге орай QAZAQ AIR әуе компаниясы қосымша рейстерді іске қосады. Аталған шара жолаушылар тарапынан жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды. Облыс әкімі өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі салаларға тартылған инвестиция мен өндіріс көлемінің өскенін атап өтті. Жалпы көлемі 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 46 жаңа өндіріс орны іске қосылған.
Қазақстанда жас таланттарға арналған музыкалық тележоба басталады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жас музыканттарға арналған «ZHULDYZDY ZHOL 2025» телевизиялық реалити-жобасы басталғаны туралы хабарлайды.
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті қабылдады
Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
FAO-Қазақстан: ауылдық аумақтарды орнықты дамыту үшін ынтымақтастықты кеңейту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов FAO-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі – бас директордың орынбасары Виорел Гуцумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Көктемгі әскерге шақыру науқаны
АҢДАТПА!
«Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады
Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балабақшаларды іске қосу бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспары бекітілді. 2025 жылы кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды 95%-ға арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.