Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

04.03.2025

Жарияланымдар · 12

БҰҰ Бас Ассамблеясы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады

Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады. Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

22:41Жаңалықтар

Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясымен екі апта ішінде тыңайтқыш зауытының құрылысы бойынша Инвестициялар туралы келісім жасауды тапсырды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясының бас директоры Мұстафа Топракпен кездесу өткізді. Жиында Карбамид пен аммиак өндіретін зауыт құрылысына қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:40Жаңалықтар

Сауда және интеграция министрлігінің 2024 жылғы жұмыс қорытындысы: ішкі және сыртқы сауда

АҢДАТПА!

16:02Баспасөз хабарламалары

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.

14:52Мемлекет басшысының қызметі

Педагогтердің айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті

Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 300 мыңға жуығы аттестация қорытындысы бойынша біліктілік санаттары үшін үстемеақы алады.

14:23Жаңалықтар

Қазақстанда ірі бизнесті несиелендіруге арналған Кепілдік қоры құрылады

Экономиканы, әсіресе ірі инвестициялық жобаларды несиелендіруді жандандыру мақсатында ірі бизнес үшін кепілдік қорын құру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді. Қор екінші деңгейлі банктердің өтімділігін экономикаға несие беруге және жеке және мемлекеттік қатысушылар үшін қаржыландырудың тартымдылығын арттыру құралы ретінде қызмет ететін болады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.

13:14Жаңалықтар

Оқушылар халықаралық олимпиадаларға қалай дайындалады

Лингвистика бойынша Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы -халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Эберхард Карлс Тюбинген университетінің студенті Аида Давлетова ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында оқушыларды олимпиадаларға дайындау тәжірибесімен бөлісті.

12:00Жаңалықтар

Дарынды оқушылармен жұмысты цифрландыру мәселелері қолға алынуда

Қазақстан құрамаларының халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы жоғары жетістіктері еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді. Бұл ретте Қазақстанның биологиядан халықаралық олимпиаданың ең беделді олимпиадаларының бірін өткізу үшін таңдалуы кездейсоқ емес. 2024 жылы еліміз 35-ші халықаралық биология олимпиадасын қабылдады. Оған 81 елден 305 оқушы мен 275 ғалым қатысты. Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, 100% нәтижеге қол жеткізді. IBO-2024 әлемдік академиялық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, Қазақстанның білім саласындағы көшбасшылығын тағы бір рет дәлелдеді. «Дарын»республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында осылай деді.

11:50Жаңалықтар

Былтыр Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға барған әрбір екінші қатысушы жүлделі орын алды

Елімізде 20 өңірлік «Дарын» орталығы дарынды балаларды анықтап, дамытуға және олармен жұмыс істейтін жүйені жергілікті деңгейде нығайтуға үлес қосып келеді. Сонымен қатар республикада дарынды балаларға арналған 130 мамандандырылған мектеп бар, мұнда 8 000-нан астам педагог жұмыс істеп, шамамен 70 000 оқушы білім алуда. Былтыр Қазақстанда республикалық және халықаралық деңгейдегі 80-нен астам іс-шара ұйымдастырылды, оған еліміздің 1,5 млн-нан астам оқушысы қатысты, бұл барлық оқушының 40%-ын құрайды. Аталған іс-шараларға 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар, шығармашылық және интеллектуалдық конкурстар, жобалар, фестивальдер және басқа да жарыстар кіреді. Бұл жайында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында айтты.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Қазақстанда бизнестің кредиттеріне кепілдік беретін 2 қор құрылатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.

10:21Жаңалықтар

Қазақстанда педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылады

Алматыда педагогикалық және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы – білім берудің барлық деңгейлерінде педагогика саласындағы зерттеулермен айналысатын педагогикалық ғылымды дамыту орталығын құру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:08Жаңалықтар

Көктемгі әскерге шақыру: астаналықтардың алғашқы легі шекараға қызмет етуге аттанды

Көктемгі әскерге шақыру шеңберінде Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинау пунктінде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімшесіне алғашқы 25 әскерге шақырылушы жіберілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

09:45Аймақтар жаңалықтары