Алматыда педагогикалық және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы – білім берудің барлық деңгейлерінде педагогика саласындағы зерттеулермен айналысатын педагогикалық ғылымды дамыту орталығын құру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.