Экономиканы, әсіресе ірі инвестициялық жобаларды несиелендіруді жандандыру мақсатында ірі бизнес үшін кепілдік қорын құру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді. Қор екінші деңгейлі банктердің өтімділігін экономикаға несие беруге және жеке және мемлекеттік қатысушылар үшін қаржыландырудың тартымдылығын арттыру құралы ретінде қызмет ететін болады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.