Елімізде 20 өңірлік «Дарын» орталығы дарынды балаларды анықтап, дамытуға және олармен жұмыс істейтін жүйені жергілікті деңгейде нығайтуға үлес қосып келеді. Сонымен қатар республикада дарынды балаларға арналған 130 мамандандырылған мектеп бар, мұнда 8 000-нан астам педагог жұмыс істеп, шамамен 70 000 оқушы білім алуда. Былтыр Қазақстанда республикалық және халықаралық деңгейдегі 80-нен астам іс-шара ұйымдастырылды, оған еліміздің 1,5 млн-нан астам оқушысы қатысты, бұл барлық оқушының 40%-ын құрайды. Аталған іс-шараларға 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар, шығармашылық және интеллектуалдық конкурстар, жобалар, фестивальдер және басқа да жарыстар кіреді. Бұл жайында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында айтты.