Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігінің атына маркетплейстер арқылы сатып алуға қатысты көптеген шағым келіп түседі. Олар сатушымен кері байланыстың жоқтығына, зияткерлік меншік құқығын қорғауға, тауарлардың сапасына және басқаларға қатысты. Ол үшін ведомство заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында вице-министр Әсет Нүсіпов мәлімдеді.