Қазақстанда 17 мыңнан астам әскери қызметшіге «кредиттік демалыс» берілді. Сонымен қатар жедел қызмет сарбаздары үшін елдің жоғары оқу орындарында ақысыз оқу мүмкіндігі бар. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.