2025 жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы (Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 127,8 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: 90 мыңға жуық оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 7,3 мың – ымдау тілі, 24,2 мың – жеке көмекші, 6,2 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.