Күн жаңалықтары
01.04.2025
Жарияланымдар · 11
Мемлекет басшысының атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы туралы келісімді ратификациялады
Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қабылданады
Құжаттарды бірінші сыныпқа қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жалғасады. Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам қазақстандық бала мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекет басшысы 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты
Мемлекет басшысы соңғы 30 жылда Қазақстан мен Словенияның өзара құрметке негізделген берік саяси-дипломатиялық байланыс орнатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, кешегі келіссөздер барысында тараптар қос халықтың игілігі үшін экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.
Қазақстан мен Словения президенттері Астана халықаралық қаржы орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді.
Мүгедектікті белгілеу бойынша 24 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 24,5 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ерлан Сүттібаев ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды
Елімізде мемлекеттік қызметтердің 92%-на қашықтан қол жеткізуге болады
2024 жылы Қазақстанда 340 млн астам мемлекеттік қызмет онлайн-форматта көрсетілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жеңістің 80 жылдығы: Алматыда ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайы ашылады
Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Алматыда жауынгерлік техникалардың ашық аспан астындағы жаңа мұражайы ашылады. Армия үйінің аумағында орналасатын мұражай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық кешеннің бір бөлігі болмақ, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Шымкент қаласында мүгедектігі бар адамдар үшін 967 объект бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласында 967 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.