Күн жаңалықтары
31.03.2025
Жарияланымдар · 12
Активтерді қайтару: Павлодар облысы ауылдарында медициналық нысандар салуға 228 млн теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елімізге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Павлодар облысында медициналық нысандар салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады.
Барлық гидроқұрылыстағы жағдай тұрақты – Су ресурстары министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суларды өткізу және қабылдау кезінде гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мен жұмыс режимін бақылайды. Бұдан бөлек, тасқын судың су айдындарына бағытталуын қамтамасыз етеді. Өткізу қабілетін жақсарту үшін 240 шақырым өзен арналарын тазарту, кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады.
Елімізде 74 гидротехникалық құрылыс қалпына келтірілді
Су ресурстары және ирригация министрлігінің жоспары бойынша өткен жылғы су тасқынының салдарын жою және биылғы су тасқынының алдын алу үшін 13 облыстағы гидроқұрылыстарда 43 іс-шара іске асырылды. Бұл: гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, каналдарды тазарту және жағалауды нығайту іс-шаралары. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ брифингінде атап өткендей, ведомствоның бассейндік инспекциялары ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың және «Қазсушар» мамандарымен бірге бүкіл ел бойынша гидротехникалық құрылыстарға көзбен шолып тексеру жүргізді.
«Қазсушар» филиалдары өңірлерде 1000 шақырымнан астам каналда механикалық тазарту жұмысын жүргізді
Су тасқыны кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігі бірнеше бағыт бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында су тасқынының алдын алу шаралары жайында ақпарат берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Өңірлік карталарды әзірлеу қорытындысы бойынша 500-ге жуық жаңа мамандық анықталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында экономика салалары бойынша ел өңірлері бөлінісінде кадрларды сапалы жоспарлау бойынша «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары шеңберінде 2022 жылдан бастап «Мамандығым – Болашағым» жобасы іске асырылуда. Ол ел өңірлеріндегі еңбек нарығының өзекті сұраныстарын ескере отырып, кадрлар даярлау жүйесін қайта форматтауға бағытталған. Бастаманы үйлестіру және тиімді іске асыру мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК базасында «Мамандығым – Болашағым» республикалық жобалық кеңсесі құрылды. Оның басшысы Олжас Сәкенов ОКҚ брифингінде кеңсенің қызметіне тоқталып өтті.
Биыл шетелдік ЖОО-мен 11 стратегиялық әріптестік орнатылады
Кәсіби бағдар беру – Қазақстандағы маңызды мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауына жағдай жасалуы керектігін қадап айтқан. Осыны ескере отырып, Ғылым және жоғары білім министрлігі биылғы оқу жылынан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар жүргізген. Оның нәтижелері жайында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев ОКҚ алаңында айтты.
Қазақстан мен Словения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Қазақстанда алғаш рет «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 150-ден астам тексеру жүргізді
2025 жылдың үш айында әлеуметтік инспекторлар 156 тексеру жүргізді, оның 76-сы жоспардан тыс, 19-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 61-і прокуратураның талабы бойынша болды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым берілді, 14,5 млн теңгеден астам сомаға 46 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.