Су ресурстары және ирригация министрлігінің жоспары бойынша өткен жылғы су тасқынының салдарын жою және биылғы су тасқынының алдын алу үшін 13 облыстағы гидроқұрылыстарда 43 іс-шара іске асырылды. Бұл: гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, каналдарды тазарту және жағалауды нығайту іс-шаралары.  ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ брифингінде атап өткендей, ведомствоның бассейндік инспекциялары ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың және «Қазсушар» мамандарымен бірге бүкіл ел бойынша гидротехникалық құрылыстарға көзбен шолып тексеру жүргізді.