Күн жаңалықтары
25.04.2025
Жарияланымдар · 13
Маңғыстау өңірінде үш жаңа теміржол вокзалы салынады
Маңғыстау, Шетпе және Бейнеу теміржол вокзалдарының қазіргі ғимараты сүріліп, жаңа вокзалдар құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Үкіметте инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ, Еуропалық Одақ пен Канада елшіліктерінің, Америка Сауда палатасы басшылығының, сондай-ақ Johnson&Johnson, Pfizer, AstraZeneca, Kazanada LLP, La Roche сияқты және басқа да халықаралық компаниялардың өңірлік директорларының қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» республикалық акциясы өтіп жатыр
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстанда «Ерлікке тағзым» республикалық апталығы басталды. Бұл акцияның мақсаты – батырлардың ерлігін еске алу, тарихқа тағзым ету және жастарды отаншылдыққа баулу, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстанда Орталық Азиядағы ірі битум өндіретін зауыт іске қосылады
Ақтау қаласында өндірістік қуаттарды жаңғырту бойынша ауқымды жобаның аяқталуына орай Орталық Азиядағы ең ірі жол битумын өндіруші – Caspi Bitum зауыты іске қосылады. Бұл – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен CITIC Resources Holdings Limited бірлескен кәсіпорны, деп хабарлайды ҚР Энертегтика министрлігі.
Президент денсаулық сақтау және ойын бизнесі салаларына қатысты түзетулар туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Көкшетау қаласындағы жылу көзін жөндеу үшін Үкімет резервінен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы жылу көзінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен шамамен 1,1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» (batyrlarga-tagzym.kz) атты бірегей онлайн-порталын іске қосты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
БАӘ әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды
Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Көлік министрілігі.
Қостанай облысында жедел жәрдем фельдшерлері мектеп оқушыларын өмірді сақтауға үйретеді
Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерлері сәуір айында өңірдің 140-қа жуық мектебінде мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларына алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту тренингтерін өткізді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Активтерді қайтару: Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылуда. Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдарда салынып жатыр
Қазақстанда заманауи, қауіпсіз және қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.