Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

24.04.2025

Жарияланымдар · 8

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға Ыстанбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді

16:38Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөз сөйледі

14:12Мемлекет басшысының қызметі

Қай кезде балаларға екпе салуға болмайды – дәрігердің пікірі

Вакциналаудың негізгі принциптері – қауіпсіздік және жоғары дәлелденген тиімділік. Қауіпсіздік мәселелеріндегі маңызды жайттардың бірі барлық қарсы көрсетілімді ескере отырып, екпе салдыртатын адамдарды дұрыс іріктеу. Жалпы, балаларға қай кезде екпе салуға болмайды және оған қандай қарсы көрсеткіштер бар? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Астана қаласының № 5 қалалық емханасы директорының орынбасары, педиатр-дәрігер Ольга Инякина жауап берді.

12:20Жаңалықтар

ЮНИСЕФ өкілі Қазақстанның иммундау саласындағы негізгі проблеманы атады

БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қоры Қазақстанда 30 жыл бұрын иммундау бағдарламасымен жұмыс істей бастады. Вакциналарды сатып алуға, оларды суық жерде ұстауды қамтамасыз етуге басты назар аударылды. Бұл вакциналармен қамтамасыз етуге салынған инвестиция болды, бірақ 2018 жылы қызылша ауруы тіркелген кезде, иммундаудың негізгі проблемасы ата-аналардың балаларын иммундауға құлықсыздығы екені анықталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР БҰҰ Балалар қоры өкілдігінің Денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламаларының үйлестірушісі (ЮНИСЕФ) Бауыржан Жүсіпов мәлімдеді.

12:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Вакцинациялау бүкіл әлем бойынша минут сайын 6 адамның өмірін сақтайды

27 сәуірден 3 мамырға дейін Еуропалық иммундау апталығы «Барлығына иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өтеді. ДДҰ еуропалық аймағы иммундау апталығын аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін вакциналаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында өткізеді. Бұл процесте 2030 жылға дейін иммундау саласындағы еуропалық күн тәртібін іске асыру басты орын алады. Стратегияны, өңірдің барлық 53 мемлекеті қолдады, оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ДДҰ елдік кеңсесінің вакцинациялауға сұраныс пен келісімді арттыру жөніндегі ДДҰ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Сәуле Қасымова айтып берді.

12:00Жаңалықтар

Халықтың иммунопрофилактика мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру шаралары қолға алынбақ

Қазақстандағы иммундау бағдарламасы 21 инфекцияға қарсы вакциналауды қамтиды. Жыл сайын республика бойынша 4 млн астам адам егіледі. Вакциналарды сатып алуға шамамен 38 млрд теңге бөлінеді. Иммундау арқылы инфекциялар мен олардан болатын өлімді азайту үшін көп нәрсе жасалды. Мысалы, 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия жағдайлары тіркелмеген. Соңғы 34 жылда Ұлттық иммундау саясатының арқасында эпидпаротит, А вирустық гепатиті, В вирустық гепатиті, қызамықпен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалды. Бұл жайында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде айтты.

11:50Жаңалықтар

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталады

Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) – иммундауды насихаттаудың тиімді механизмі. ЕИА-ның мақсаты – иммундауға назар аудару және халықтың иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру. 20-шы ғасырдың екінші жартысындағы вакцинациялау науқандары адамзаттың ең үлкен жетістіктерінің бірі болып табылады, бұл бізге шешек ауруын жоюға, полиомиелитті жеңуге мүмкіндік берді. Биыл Еуропалық иммундау апталығы 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

2025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2025 жылы 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,1%) Қытайдан, 39,5% – Өзбекстаннан, 5,8% – Түрікменстаннан, 2,5% – Монғолиядан, 1,9% – Ресейден және 2,2% басқа елдерден, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:19Жаңалықтар