Күн жаңалықтары
23.04.2025
Жарияланымдар · 13
Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесу өткізді.
Иммундық профилактика мәселелері туралы
АҢДАТПА!
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік күшейтілді
ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а Ерболат Абулхатин ОКҚ баспасөз мәслихатында еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау шараларына тоқталып өтті.
Зиянды еңбек жағдайлары мен ықтимал қауіптерді болдырмау мақсатында Ахуалдық орталық құрылмақ
Былтыр жүргізілген зерттеулерге сәйкес, 1 млн 600 мың жұмыскердің ішінен 470 мыңы (30%-ы) зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. 2024 жылы аттестаттау нәтижелері бойынша 679 мың жұмыскер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін түрлі өтемақы алды. 551 мың жұмыскерге қосымша демалыс берілді, 342 мың жұмыскерге зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төленді, 427 мың жұмыскер тегін емдік-профилактикалық тамақ алды, 47 мың жұмыскерге қысқартылған жұмыс күні белгіленді. ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а Ерболат Абулхатин ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 10 мың жұмысшының құқығын қорғады
Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуын тұрақты түрде бақылайды. 2025 жылдың 3 айында олар 1 332 тексеру жүргізіп, 1 616 еңбек бұзушылығын анықтады. Қазіргі таңға олардың 71%-ы жойылды. Жұмыс берушілерге 832 ұйғарым беріліп, 98 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а Ерболат Абулхатин ОКҚ брифингінде хабарлады.
Мемлекет басшысы Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирді қабылдады
Кездесуде қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстанда мәдени мұраны сақтау мен дамытудың Кешенді жоспары әзірленеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени мұраны сақтау және дамыту жобасын дайындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жетісу облысында 800-ден астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Жетісу облысында 829 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжап отыр
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов негізгі көрсеткіштер туралы баяндады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 59 млрд текше метрге жетті, 2025 жылға арналған өндіру жоспары 62,8 млрд текше метрді құрайды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Білім саласындағы серпіліс: STEM, робототехника кабинеттері барлық мектептерде ашылуда
Қазақстанда Мемлекет басшысының барлық оқушыны сапалы және заманауи білім ресурстарымен тең дәрежеде қамтамасыз ету тапсырмасы аясында мектеп инфрақұрылымын кешенді жаңғырту жұмыстары қарқынды жалғасып келеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.
Кітап – алтын қазына
Қазір қазақстандықтар не оқиды? Біреулер классика, фэнтезиді таңдаса, басқаларының кітаптың бетін ашпағанына біраз болған шығар. Қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда Ұлттық кітап күні бекітілді. Биыл 23 сәуірде бұл мереке алғаш рет атап өтіледі. Ұлттық кітап күні қарсаңында біз 1,3 млн-нан астам кітап қоры бар ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына барып, осы бай рухани мұраны сақтаушылармен әңгімелестік.