Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуын тұрақты түрде бақылайды. 2025 жылдың 3 айында олар 1 332 тексеру жүргізіп, 1 616 еңбек бұзушылығын анықтады. Қазіргі таңға олардың 71%-ы жойылды. Жұмыс берушілерге 832 ұйғарым беріліп, 98 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а Ерболат Абулхатин ОКҚ брифингінде хабарлады.