Вакциналаудың негізгі принциптері – қауіпсіздік және жоғары дәлелденген тиімділік. Қауіпсіздік мәселелеріндегі маңызды жайттардың бірі барлық қарсы көрсетілімді ескере отырып, екпе салдыртатын адамдарды дұрыс іріктеу. Жалпы, балаларға қай кезде екпе салуға болмайды және оған қандай қарсы көрсеткіштер бар? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Астана қаласының № 5 қалалық емханасы директорының орынбасары, педиатр-дәрігер Ольга Инякина жауап берді.