Күн жаңалықтары
02.05.2025
Жарияланымдар · 9
2024-2025 оқу жылы аяқталуда: биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды
Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. 217 мыңнан астам 11-сынып оқушысы мектеп бітіреді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Алматының медициналық және фармацевтикалық ұйымдарына барды
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, республикалық клиника мен медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорынның қызметімен танысты. Сапар шеңберінде министр медициналық бұйымдар шығаруға және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға маманданған «Алмерек» ЖШС өндірістік алаңына барды, деп хабарлайды ведоствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен AstraZeneca ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Лондонда сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «AstraZeneca» халықаралық биофармацевтикалық компаниясының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысында қуаты 12 мегаватт болатын жаңа жылу электр турбинасы іске қосылды
Орал қаласындағы жылу электр орталығында қуаты 12 мегаватт болатын жаңа №1 турбина іске қосылды. Бұл турбинаның тозығы жетіп, 10 жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған. Нәтижесінде ескі турбинаның орнына 3,2 млрд теңгеге жаңа турбина сатып алынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жаңа Су кодексі
АҢДАТПА!
Сақтандыру нарығын дамытудың жаңа бағыттары
АҢДАТПА!
Суару маусымын қалыпты өткізу үшін 2000 шақырым канал тазартылып жатыр
Суару маусымының қалыпты өтуін қамтамасыз ету үшін «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің 7 өңірінде жалпы ұзындығы 2011 шақырым болатын каналдарды механикалық жолмен тазартып жатыр. Бұл жұмыстар Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілуде. Бүгінгі таңда 300 шақырымнан астам канал тазартылды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 97 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 188,5 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 97,9 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.